Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Павлодар облысында отбасының шырқын бұзған 100-ден астам адам жазаланды

2019 жылдың 16 ақпан 2019 05:28 1118

 ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -  Павлодар облысында 12-15 ақпан аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жанжал шығарған 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мас күйінде және бұрын сотталғандармен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында   полиция қызметкерлері жиі спирттік ішімдіктер ішу, құқыққа қайшы әрекеттер жасау, тыныштықты бұзу бойынша түскен  шақыруларға қатысты 98 пәтер мен 54 жатақхананы тексерді», - дейді  баспасөз қызметінде.

Үш күннің ішінде тұрғылықты мекенжайы бойынша есепте тұрған 2913 адам мен 428 жалдамалы пәтерге бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 203 қорғау ұйғарымы  шығарылып, құқық бұзушыларға 29 ерекше талап қойылды.  Сондай-ақ, 12 адамға алкогольдік ішімдіктерді  тұтынуға тыйым салынды. ҚР ӘҚБК-нің 73-бабы (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекет жасау) бойынша 106 отбасылық жанжалқор, қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 461-бабына сәйкес 17 адам жауапкершілікке тартылды. 

 

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Қоғам, Павлодар облысы,
Жоғары қарай