Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Павлодар облысында қос басқармаға жаңа басшы тағайындалды

2019 жылдың 13 тамыз 2019 17:49 76

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде жаңа басшыларды аймақ басшысы Болат Бақауов таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы лауазымына Тоқтамыс Жұмағұлов тағайындалды.

Тоқтамыс Қадошұлы 1965 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 3 жоғары білімі бар, заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1990 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде политэкономия кафедрасының оқытушысы ретінде бастап, 2000 жылға дейін аға оқытушы және кафедра меңгерушісі лауазымдарын атқарған. 2000 жылдан 2007 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының басшысы, басшының орынбасары болып қызмет етті. 2007 жылдан 2011 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасының басшысы – Агенттіктің тәртіптік кеңесінің төрағасы, 2011 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының басшысы, 2013 жылдың наурызынан шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің меңгерушісі болған. 2016 жылдан бастап осы лауазымға келгенге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы қызметін атқарған.

«Баршаңызға мәлім, облыс мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және облыс жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармалары құқықтары мен міндеттерін жаңа басқармаға беру арқылы қайта ұйымдастырылды. Павлодар облысының қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы етіп менің өкіміммен Азамат Нығматов тағайындалды», - деді облыс әкімі.

Азамат Нығматұлы 1979 жылғы, Павлодар облысы Ақсу қаласының тумасы. 2002 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2003 жылы Павлодар қаласы абаттандыру басқармасының бас маманы болып бастаған. 2005 жылдан 2011 жылға дейін Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, басшы орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылдан 2014 жылға дейін облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары. 2015 – 2016 жылдары - «Строй Астана» ЖШС бас директоры. 2016 – 2017 жылдары - Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары. 2017 – 2019 жылдары - облыс мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы қызметін атқарды.

Жоғары қарай