Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Павлодар облысында қасқырдың адамға шапқаны дәлелденген жоқ

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 02:51

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлордар облысының Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы қасқырдың адамдарға немесе малға шаққан фактілері дәлелін тапқан жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда, Шарбақты ауданы мен Ленин кентінің жанынан табылған қасқырларды атуға ресми рұқсат берген.

Мамандардың айтуынша облыс аумағында 212 қасқыр бар. Инспекция күн сайын жыртқыш аңдардың есебін жүргізеді.

«Мониторинг нәтижесінде қасқырдың адамға немесе малға шапқанын анықтаған жоқ. 18 қаңтарда Ақсу қаласының маңында қасқыр жүргені туралы хабар түскен соң аңшыларға хабарласып, жергілікті полицейлерге «ЕЭК» АҚ стансасына баруын сұраған едік. Аңшылар стансаға жеткенде жыртқыштың тұрғын үйдің жанында жүргенін байқап, атып тастаған», - дейді инспекция басшысының міндетін атқарушы Нұржан Қазтай.

21 қаңтарда көкжалдар Шарбақты ауданындағы шаруаның малына шапқаны туралы ақпарат түскен. Алайда, қойды қасқыр шапқанын ешкім дәлелдемеген.

«Біздің мамандар, полицейлер мен ветеринарлар оқиға орнына барды. Комиссия малдың өлтірілгенін растаса да, бұл нақты қасқырдың әрекеті немесе иттің жасағанын анықтай алмады», - дейді Нұржан Қазтай.

23 қаңтарда инспекцияға Ленинский поселкісінің әкімі аппаратынан хат келіп түскен. Хатта элеватор маңындағы теміржол арасында 2 қасқырдың жүргені хабарланды. Инспекция Ленинский ауылдық округі аумағында қасқырдың санын реттеуге аңшыларға арнайы рұқсат берген.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде соңғы уақытта қатты боран соққан кездері елді мекендерге қасқырдың кіріп кетуіне қатысты видеолар тараған болатын. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті осы роликтерге қатысты түсініктеме берді.

Сондай-ақ, инспекторлар елорда аумағындағы қасқырлар туралы қауесетті жоққа шығарды, әрі жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатқаны мәлім болды.

Басты сөздер: Экология, Павлодар облысы,
Жоғары қарай