Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Павлодар облысында автобус бұзылып, жолаушылар жолда қалды

2019 жылдың 22 қараша 2019 08:04

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында құтқарушылар «Зайсан-Нұр-Сұлтан» бағдарының бұзылған автобусындағы адамдарды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 қарашаға қараған түнде, 02:50-де «Павлодар-Нұр-Сұлтан» автожолының 225-километрінде «Зайсан-Нұр-Сұлтан» бағдарының «Сетра» маркалы жолаушылар автобусының жанармай жүйесінен ақау шықты. ТЖД қызметкерлері автобустың 18 жолаушысын Төртқұдық ауылының мектебіне орналастырды», - деді департамент.

Екі жүргізуші эвакуациядан бас тартқан. Жөнделгеннен кейін, таңғы алтыға қарай автобус сапарын жалғастырды.




Жоғары қарай