Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 377.65
EUR 427.31
RUB 5.87
CNY 56.25

Павлодар облысында 3 млн гектар егістік жер цифрландырылды

2019 жылдың 15 ақпан 2019 23:50 821

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында егістік алқаптарды электрондық форматқа ауыстыру толығымен аяқталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

Сонымен бірге ауыл шаруашылығына қажет жанармайды электронды үйлестіру жүйесі пилоттық режімде жұмыс істеуде. Бұл Павлодар облысы әкімінің халық алдындағы есебі кезінде мәлім болды. Тұрғындар алдында сөйлеген Болат Бақауов ауыл шаруашылығы саласында атқарылған істерді санамалап, алдағы міндеттерді атап өтті.

«Былтырғы жылы ауыл шаруашылығында 15,3 миллиард теңге сомаға 55 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Ірі жобалардың қатарында 3106 бас малға арналған алты сүтті-тауарлы ферма, алты мал шаруашылығы жайлары, шошқа өсіру кешені, құс фабрикасы, элеватор, көкөніс қоймасы, тоғыз дән қоймасы бар. Аграрлық секторда жүзеге асырылған барлық жаңа жобалар ауылдағы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Болат Бақауов.

Облыс әкімінің айтуынша, соңғы үш жылда өңірге 3600 бас асыл тұқымды мал жеткізілді, оның жартысы өткен жылы әкелінді. Осы жылы он мыңға жуық асыл тұқымды мал сатып алу жоспарланып отыр. Өсімдік шаруашылығында егістік алқаптарын ұлғайту, егістіктерді диверсификациялау және төрт мыңға жуық суармалы егін алқаптарын енгізу арқылы жақсы астық алынды. 

 

Жоғары қарай