Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Павлодар облысында 204,3 мың гектар жер пайдаланылмауда

2017 жылдың 28 қараша 2017 01:17 584

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жер аумағы 204,3 мың гектарды құрайды. 

Оның ішінде 141,2 мың гектар - егістік алқаптары болса, 58,5 мың гектары - жайылымдық және 4,6 мың гектары - шабындық жерлер. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиын барысында жер қатынастары басқармасының басшысы Руслан Дәуітбаев айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«2017 жылдың 1 қаңтарында ауыл шаруашылық мақсатта 336,2 мың гектар жер пайдаланылмаған болатын», - деді Руслан Дәуітбаев. - Қолданылмаған жер телімдері бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Мемлекет меншігінің иелігіне 176,5 мың гектар қайтарылса, 75 мың гектар аумақ қолданысқа берілді. Биыл көктемгі егіс жұмыстарының қорытындысы бойынша қосымша 128,1 мың гектар жер анықталды. Есептік кезеңде 103 жер қолданушы жоғары мөлшерлеме бойынша 10,7 миллион теңге сомасында жер салығын төлеуге тартылды. Жер пайдаланушылар 43,6 мың теңгені құрайтын 164 учаскені өз еркімен қайтарды».

 Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы айналымына 554,5 мың гектар алқапта 890 учаске берілген. Оның ішінде конкурс негізінде 358 мың гектар 541 жер учаскесі жалға ұсынылған. Жалға беру және жалға беру құқығын, жер телімін сатып алу және жер салығы есебінен түскен қаржы 3 млрд 481 млн теңгені құрайды. Бұл ретте, облыс әкімі Болат Бақауов оралмандарға жер телімдерін ұсыну қалай жүзеге асырылып жатқаны жөнінде сұрады. - Облысқа жыл сайын этникалық қазақтар келетіні белгілі, - деді өңір басшысы. - Бауыржан Қазбекұлы, биыл «Ұлы дала елі» фестивалінде жиын өткізген кезде оралмандарға жер ұсыну ешбір қиындық тудырмайтынын айтқан болатынсыз. Олар жер учаскелерін алды ма? Жер телімдерін игеру кезек күттірмейтін мәселе. Елбасы Жолдауында ауыл шаруашылығы экономика саласының маңызды бөлігі екені айтылған. Әрбір әкім экономикамен айналысуы тиіс. Облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов жер кодексіне сәйкес оралмандар мен қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері  ешбір қиындықсыз ұсынылатынын атап өтті. 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай