Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Павлодар облысында 1-4 сыныптарға тегін ыстық тамақ беріледі

2019 жылдың 19 қазан 2019 11:01

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары жуық арада тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мектептердің қамқоршылық кеңестерімен кездесуде өңір басшысы Болат Бақауов айтқан.

Әкім алдымен Instagram парақшасына жазып, ата-аналардан өзекті мәселелерді қозғауын сұраған. Отырысты да ата-аналардан келіп түскен арыз-шағымдардан бастаған.

«Маған 350-ден астам ұсыныс келді. Соның көбі парталарды, кабинет терезелерін жаңалау, істемей тұрған мектеп бассейндерін қалпына келтіру, жалпы білім мекемелерін абаттандыру мәселелеріне қатысты», - деді облыс әкімі.




Айтылған өзекті мәселелердің тағы бірі – мектептегі тамақтың сапасына қатысты болды. Өңір басшысы да мектеп асханаларының бірінде тамақтанған екен.

«Біз қанша қарсы болсақ та, мектеп асханасында шоколад сатылып жатыр», - деді Б. Бақауов.

Одан әрі өңір басшысы жуырда бүкіл облыста 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылатынын жеткізіп, ата-аналардан тамақтың сапасын қадағалауды сұрады. Бюджетке жергілікті инвесторлар мен меценаттар көмектеседі.




Бұдан бөлек, облыс әкімі мектеп маңын бөтен машиналармен толтыруға тыйым салынатынын айтты.

Отырыста қозғалған мәселелердің тағы бірі – 15 жастағы оқушылардың қоғамдық көлікте жүруіне берілетін жеңілдік. Қазір облыста қисынсыз жайт қалыптасқан: колледждердің 1-2 курстары қоғамдық көлікте жолақының жартысын төлейді, ал олардың мектепте оқитын құрдастарына мұндай жеңілдік жоқ.

Болат Бақауов осы мәселеге де тоқталуға уәде берді.







Басты сөздер: Білім, Павлодар облысы,
Жоғары қарай