Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Павлодар облысы ҚХР-мен ынтымақтастықты дамытуға дайын

2019 жылдың 4 сәуір 2019 21:38

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Нұр-Сұлтанда синьцзяндық «Сан Бао» сауда-өндірістік корпорациясының басшылығымен ресми кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қытай тұтынушылары тарыпанан біздегі экологиялық таза тамақ өнімдеріне деген қызығушылықтың жоғары екенін байқаймыз, - деді Болат Бақауов. - Біз барлық салаларда, әсіресе ет және көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша, сондай-ақ азық өндіру үшін шикізатты дамыту бойынша өзара ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз».

Аймақ басшысы қытайлық инвесторларды Павлодар облысындағы алюминий кластерін, металлургияны, химия өнеркәсібін және ауыл шаруашылығын дамыту туралы бірнеше жобаны іске асыруға шақырды.

«Павлодар облысы мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықтың айқын мысалдарының бірі - NFC компаниясының мердігері ретінде технологияларды пайдалана отырып, мұнай кокстерін өндірумен айналысатын «Павлодар» АЭА-ның жүзеге асырылуы, - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов халықаралық «Сан Бао» компаниясының директоры Кан Хэпинмен Нұр-Сұлтандағы ресми кездесуі барысында. - 2018 жылдың соңында Қытайға кокс экспорты 40 миллион АҚШ долларын құрады. Осы компанияның қатысуымен Павлодар мұнай-химия зауытының ауқымды жөндеу жұмыстары аяқталды. Ол өз кезегінде кәсіпорынның Еуро-5-тің аналогы саналатын К-5 класты экологиялық таза жанармайын алуға септігін тигізді».

«Қытай Азия елдері бойынша Павлодар облысының негізгі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. Аймақтан ҚХР-ға шығарылатын жалпы сауда көлемі 20 пайыздан асады немесе 846 миллион АҚШ долларынан жоғары», - деді облыс әкімі.

2017 жылмен салыстырғанда өзара сауда көрсеткіші негізінен феррохром экспортының көлемі 1,2 есе артты.

Оның үстіне Павлодар аймақтың негізгі жолында орналасқан: Оңтүстік-Сібір және Ортасібір теміржол магистральі, республикалық маңызы бар автомобиль жолдары, мұнда әуе қатынасы мен өзен көліктерінің түрлері, сондай-ақ құбырлар мен талшықты-оптикалық желілері бар.

«Павлодар облысының, тұтас Қазақстанның бұлай орналасуы Қытайдан Еуропаға және кері қарай жүктерді тасымалдау үшін зор мүмкіндіктер ашады», - деді облыс басшысы Болат Бақауов.



Автор: Антон Гагарин

Жоғары қарай