Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Павлодар облысы Ертіс ауданында латын графикасына үйрету орталығы ашылды

2019 жылдың 19 маусым 2019 09:34

ЕРТІС. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Ертіс ауданының орталығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын графикасын үйрететін Tildes орталығы іске қосылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Толғанай Рахметованың айтуынша, бұл өңірдегі латын әліпбиіне үйрететін алғашқы орталық.

«Мұндағы басты мақсат - әдістемелік материалдарды бір жерге жинақтап, латын графикасына қатысты жұмысты бірізді жүргізу, - дейді Толғанай Рахметова.

Оның сөзінше, қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жеке тұлғалар латын графикасына құжаттарын көшіруде қиналады. Сондықтан осындай жағдайда оларға біздің орталықта көмек көрсетеді. 18 жастан бастап келетін қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды және соңғы мақұлданған нұсқасы бойынша тегін оқытылады.

Жергілікті бюджеттен бөлінген 600 мың теңгеге жуық қаражатқа аудандық кітапхананың жанындағы кабинетке жөндеу жүргізіліп, қажетті құралдармен жабдықталған. Биылғы жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында арнайы курста біліктілігін арттырып келген қазақ тілі маманы Айсұлу Еспаева сабақ береді. Бір топта 20-30 адамнан аптасынан екі реттен қатысады.

«Алдағы уақытта жаз мезгілінде ауылдық аймақтарды аралап шығуды көздеп отырмыз. Тұрғындарды латын әліпбиін қолдануға дайындау мақсатында студенттердің арасында «Латынша үйренейік» акциясы мен «Жаңа емледегі жаңалықтар» айдары бойынша жұмыс істейміз», - дейді бас маман.

Айта кетерлігі, 16 мыңнан астам тұрғыны бар ауданның үш ауылында кіреберістегі стелланың жазуы мен батырлар алаңының мекенжайы латын әріптеріне ауыстырылған.

Жоғары қарай