Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 377.11
EUR 424.21
RUB 5.91
CNY 56.19

Павлодар облыстық Индустриялық-инновациялық басқармаға жаңа басшы тағайындалды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 16:02 312

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық Индустриялық-инновациялық басқармасының жаңа басшысы болып Ғанибет Әубәкіров тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық әкімдікте өткен жиналыста өңір әкімі Болат Бақауов жаңа басшыны таныстырып, оған аймақтың ресми делегациясының шет елдерге жасаған сапарлары мен әлеуетті инвесторлармен кездесулері туралы құжаттарды көтеріп, жұмыстың мән-жайымен танысуды тапсырды.

«Соңғы үш жылдың көлемінде біздің ресми делегацияларымыз Қытайға, Беларусь Республикасына, Ресей Федерациясының көршілес өңірлеріне жұмыс сапарларымен барды. Сол кезде жасалған меморандумдар мен кездесулердің нақты нәтижесін көрсету қажет», - деді аймақ басшысы.

Ғанибет Әубәкіров 1982 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2003 жылы Қарағанды қаржы институтын «экономист-қаржыгер», 2011 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін «құқық» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті Мемлекеттік активтер мониторингі және ішкі әкімшілік ету басқармасының сарапшысы болып бастады. 2014 жылғы наурыз бен 2016 жылғы қыркүйек аралығында - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті Өнеркәсіп саясаты басқармасының басшысы; ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті салааралық үйлестіру басқармасының басшысы болып қызмет етті. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жұмыс орны - Павлодар облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы. 

 

 

Жоғары қарай