Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 377.65
EUR 427.31
RUB 5.87
CNY 56.25

Павлодар қалалық сотында «Отбасы соты» бөлмесі ашылды

2019 жылдың 17 ақпан 2019 04:22 625

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қалалық сотында «Отбасылық сот» бөлмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұловтың айтуынша, «Отбасы соты» пилоттық жобасының мақсаты - отбасын сақтауға ықпал ететін отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттау, отбасылық қарым-қатынасты жақсарту және отбасылық қарым-қатынастағы жанжалдардың деңгейін азайту. Сондай-ақ, отбасылық дауларды сотқа дейін және сот сатысында татуластыруды көздейді.

null 

«Заңдар уақыт пен жағдайға қарай өзгеріп отырса да, отбасылық құндылықтар тұрақты болуы керек. Отбасында болатын барлық нәрсе - кез келген жаман әрекеттің тамыры. Сондықтан, билік тармағының бірі ретінде, біз отбасын сақтауда азаматтарға көмектесу үшін бар күш-жігеріміздіді жұмсауымыз керек», - дейді М. Смағұлов.

null  

Айта кетейік, осы күні Павлодар облыстық соты, Білім басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, Тұрғылықты жері жоқ, балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу қалалық орталығы, АХАМТ бөлімі, «AНА ҮЙІ» қоғамдық қоры және психологтар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

null 

 Бұл жерде кәмелетке толмағандармен және отбасылармен, ажырасу және мүлікті бөлу, кәмелетке толмағандарға алимент төлеу істері бойынша татуластыру рәсімдері жүргізіледі. Бөлме медиацияның басымдықтары және қажетті ақпараттық материалдармен, ұйымдастыру техникасымен және жайлы жиһазбен жабдықталған. Сонымен қатар, тараптар психологтан және басқа мамандардан кеңес ала алады.

 

 

Басты сөздер: Павлодар облысы, Сот,
Жоғары қарай