Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Парламент депутаттары дауыс берді

2019 жылдың 9 маусым 2019 10:21 938

 НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Бірғаным Әйтімова және Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов  №113 сайлау учаскесінен дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар өз таңдауын №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде жасады. Дәл осы учаскеде таңертең үміткер Жамбыл Ахметбеков те дауыс берген болатын. 

«Бүгінгі күннің өзі тамаша басталды. Әли мен Геннадийдің тамаша жеңісіне куә болдық. Сайлауға ерекше көңіл-күйен келіп тұрмын. Көріп тұрғандарыңыздай, дауыс беруші халықтың қарасы мол. Бұл біздің саяси мәдениетіміздің өсіп келе жатқанын көрсетеді», - деді Қуаныш Сұлтанов дауыс бергеннен кейін.

Бірғаным Әйтімова да Геннадий Головкиннің жекпе-жегін көру үшін сайлау учаскесіне «сәл кешігіп келгенін» айтты.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады

Жоғары қарай