Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Парижде Нотр-Дам шіркеуі өртеніп жатыр

2019 жылдың 15 сәуір 2019 23:52 1710

 БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Париж қаласындағы Нотр-Дам соборы отқа оранды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Оқыс оқиғаға куә болғандардың Twitter парақшасына жарияланған фотолары мен видеоларында шіркеудегі өрттің ауқымын байқауға болады.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта тілсіз жаумен тынымсыз күрес жүріп жатыр. Француз астанасының басты символдарының бірі саналатын Париж орталығындағы католиктік шіркеудің аумағын жауапты қызметтер қоршауға алған. 

Авторы: Тимур Дүйсекеев

Перевод: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай