Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Пара алған орынбасары үшін басшы қызметінен кетті – CҚО

2020 жылдың 10 сәуір 2020 19:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – СҚО-да әкімдіктің басқарма жетекшісі қоластындағы қызметкері пара алғаны үшін қызметінен кетті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі Ернар Баянғазин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Ернар Баянғазин облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Балахонцевтің өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлады. Ақпан айында оның орынбасары 200 мың теңге пара алғаны үшін сотталған еді. Е.Баянғазиннің айтуынша, саяси емес, әкімшілік мемлекеттік қызметші тікелей қоластындағы қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайда заң бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

«Петропавл қалалық соты төтенше жағдайлар департаментінің бас маманына үкім шығарды. Департамент тергеу жүргізді. Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Көлбаев және кадрлық саясат бөлімінің бастығы Нұртазин қатаң сөгіс алды», - деді Е.Баянғазин.

Ведомство жетекшісінің айтуынша, мемлекеттік қызметші жұмыстан шығу туралы өтінішті өзін лауазымға бекіткен лауазымды тұлғаның атына жазады. Ал өтінішті қабыл алу-алмау - саяси қызметшіні лауазымға тағайындаған тұлғаның құзыреті.


Жоғары қарай