Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Пара алған бұрынғы аудан әкімі сотталды – Қостанай облысы

2019 жылдың 12 тамыз 2019 16:15

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының №2 сотында Әулиекөл ауданының экс-әкіміне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық соттың мәліметіне сүйенсек, Әулиекөл ауданының бұрынғы әкімі Асхат Қисықов «Гренада» өндірістік-коммерциялық фирмасы» ЖШС-нің директорынан Әулиекөл орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге арналған мемлекеттік сатып алу конкурсына қатыстырғаны үшін 7 миллион теңге сұраған. Мектепті жөндеуге келісімшарт бойынша 121 млн теңге жұмсалуы тиіс болған.

«Сотқа дейінгі тергеу жедел жүргізілді. Сотта бұл жағдайлар расталды. Сотталушылар кінәсін толығымен мойындады. №2 соттың үкімімен Қисықов кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі ең төмен түзету мекемесінде өтейді. Мемлекеттік қызметтен өмір бойынша шеттетілді. Пара берген ЖШС директоры 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.», - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, жәбірленушілердің қорына 20 АЕК көлемінде қаражат өндірілді.

Жоғары қарай