Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Пандемия кезінде қолды қалай жуу керек: Елжан Біртанов #SafeHands челленджін қолдады

2020 жылдың 22 наурыз 2020 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-парақшасында пандемия жағдайында қолда қалай жуу керектігін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар! Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы доктор Тедрос бастаған #SafeHands челленджды мен де қолдаймын! Коронавирус инфекциясын жұқтырмаудың өте қарапайым жолдарын еске салғым келеді. Ең алдымен қолды жиі сабынмен 20 секунд жуу қажет. Төмендегі видеороликте қолды дұрыс жуу әдісін көрсетемін. Сонымен қатар, мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн: аса қажет болмаса үйден шықпауға тырысыңыз; өзіңіз қонаққа бармаңыз және қонақ шақырмаңыз; бөлмелерді күніне кем дегенде 2 рет желдетіңіз; үйді күнде ылғал шүберекпен тазалаңыз. Дендеріңізге саулық тілеймін!»,-деп жазды министр.

Сондай-ақ ол: «эстафетаны Асет Исекешев Hans Kluge Jr. Даурен Абаев, Altay Kulginov Askhat Aimagambetov, Birzhan Nurymbetov Аружан Саин (Aruzhan Sain) және қолдауға ниетті барлық азаматқа жолдаймын! #BIZBIRGEMIZ #Birgemiz»,-деп жазды.



Жоғары қарай