Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Өзбекстанның ресми агенттігі қазақша ақпарат таратады

2019 жылдың 13 сәуір 2019 22:42

ТАШКЕНТ. УзА-ҚазАқпарат - Өзбекстанның ресми ақпараттық агенттігі тұңғыш рет қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат УзА агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанның ұлттық ақпараттық агенттігі - ресми мемлекеттік ақпарат көзі әрі елдегі жетекші ақпарат агенттік. УзА агенттігі өзбек, орыс, ағылшын, француз, неміс, испан, араб, қытай тілдерінде - 8 тілде ақпарат таратады.

«Өзбекстанда Қазақстан жылы жариялануына байланысты тұңғыш рет елдің ресми ақпараттық агенттігінде қазақ тілді нұсқа іске қосылды. Агенттіктің веб-сайты Өзбекстан мен Қазақстандағы өзгерістер жөніндегі жаңалықтар бойынша жедел және объективті ақпарат таратуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, веб-сайттың басты міндеті - екі елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды барынша толыққанды беру, достық пен келісімнің нығая түсуін және бауырластықты насихаттайды.

«Бұл парақша бауырластық пен жақын қарым-қатынасты нығайтуға, барлық саладағы мүдделерді қамтуға ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Тіл, БАҚ, Өзбекстан,
Жоғары қарай