Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Өзбекстанда тұратын қандасымыз күрестен бес дүркін Азия чемпионы атанды

2020 жылдың 19 ақпан 2020 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Өзбекстанда тұратын этникалық қазақ балуаны Елмұрат Тасмұратов бесінші мәрте Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Olamsport.com хабарлауынша, аталған «Сарықұрлық» додасында грек-рим күресінен 63 келі салмақта сынға түскен қандасымыз финалда Оңтүстік Корея өкілі Джинсей Сонгты 9: 0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды. Ол осыған дейін төрт рет Азия біріншілігін бағындырған болатын. Міне, Делиде тағы да қарсылас шақ келтірмей, бесінші мәрте Азия чемпионы атанды.

Ол Өзбекстанның Бостандық ауданы Қызыл Ту ауылында дүниеге келген. 1991 жылы туған Елмұрат 13 жасында елге оралып, Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернатта білім алады. Күреске икемі болғанымен, құрама бапкерлері түрлі сылтаулармен оны шақырмайды. Ұлттық құраманың сапына іліне алмаған Елмұрат кейін Өзбекстанға қайта көшіп кеткен.

Айта кетейік, Делиде өтіп жатқан Азия біріншілігінде грек-рим күресінен Қазақстан балуандары әзірге 4 медаль жеңіп алды. Оның біреуі - алтын, үшеуі - қола медаль.


Жоғары қарай