Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Өзбекстанда маска тақпай жүрген адамдарға айыппұл салынатын болды

2020 жылдың 22 наурыз 2020 14:47

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда барлық адамға маска тағу міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Яғни, 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым салынып отыр.

25 наурыздан бастап бұл талапты бұзған адамға 223 мың сум, яғни 23 доллар (1 базалық есептік мөлшерлеме) көлемінде айыппұл салынады. Егер талапты қайталап бұзса 3 базалық есептік мөлшерлеме көлемінде (669 мың сум - 70 доллар) айыппұл салынбақ.

Автор: Мирас Қуандықов


Фото: kun.uz
Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Коронавирус, Өзбекстан,
Жоғары қарай