Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Өзбекстанда алғашқы қазақстандық банк ашылды

2019 жылдың 11 шілде 2019 17:13

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат -Өзбекстан астанасында қазақстандық «Tenge Bank» банкінің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Банктің ашылуы ағымдағы жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасының Орталық Банкінің «Қазақстан Халық банкі» АҚ еншілес ұйымының «Tenge Bank» қаржы операцияларды жүзеге асыруға лицензия беруі арқасында жүзеге асырылды. Бұл Өзбекстан Республикасының аумағында алғашқы қазақстандық банк.



null

Іс-шараны аша отырып, еліміздің Өзбекстандағы Елшісі Дархан Сатыбалды Қазақстан банкінің ашылу мәселесін жедел пысықтағаны үшін Өзбекстан Үкіметі мен Орталық банкінің басшылығына алғысын білдірді. Жеке және заңды тұлғаларға банктік қызмет көрсету үшін «Tenge Bank» барлық жағдайды жасайды. Елші қазақстандық және өзбек кәсіпкерлері арасында экспорттық-импорттық операциялар жүргізу мүмкіндігін кеңейтетін сауданы қаржыландыру тетігін ерекше атап өтті.



null

Ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушылар Банк әкімшілік корпусына барып, ұсынылған банк өнімдерімен, сондай-ақ банктің орта мерзімді кезеңге арналған ағымдағы жоспарлары мен даму перспективаларымен танысты.

Басты сөздер: Өзбекстан, ҚР СІМ, Банктер,
Жоғары қарай