Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Отыз жыл елді басқарған, барлық елмен дос болған - жұлдыздар Назарбаевқа жыр арнады

2019 жылдың 20 наурыз 2019 01:37

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның өнер жұлдыздары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жігіттер продюсерлік ұжымы мен ұжым жетекшісі Ерғали Әбдірайымов Елбасының тарихи мәлімдеме жасағанын атап өтті.

«Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Кемеңгерлігіңізбен кейінгілерге көрсеткен үлгіңіз және ізгі дара жолыңыз үшін, еліміздің егемендігі мен тұғырлы тәуелсіздігі үшін өзіңізге деген құрметіміз шексіз! Еліңіз сізге риза, Тұңғыш Президент!», - деп жазды Ерғали Әбдірайымов.

Сонымен бірге, Жігіттер квартетінің әншісі Ердос Қанаев домбырамен жыр арнады.

«Отыз жыл елді басқарған,

Барлық елмен дос болған

Елбасымыз халықтың

Жүрегінен кетпейді», - деді Е. Қанаев.

МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев те Тұңғыш Президентке деген қимастық сезімін жасырмады.

«Әлем санасқан, саясат сахнасында салмағы басым санаулылардың санатындағы Елбасымызға деген қимастық сезім басым болып тұр. Бейбітшіліктің бесігінде тербеткеніңіз үшін, қазақ халқы жолында еткен еңбектеріңіз үшін мың алғыс», - дейді С. Майғазиев.

Өз кезегінде өнер мен спортты қатар алып жүрген Ибрагим Ескендір Елбасыға барша қазақ жастары атынан алғыс айтты.

«Қазақтың маңдайына біткен тұлғасыз, арпалысқан заманда халқын бейбіт күнге бастаған нағыз батырсыз! Жасаған жақсылығыңыз өлшеусіз. Жақсылығыңызды ұмытпаймыз», - деді әнші.

Сондай-ақ, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Елбасына алғыс айту эстафетасын бастады.

«Қазақстан атты шаңырақтың берекесін шайқалтпай, бірлігін шашпай, көшін алға сүйреп келген Ұлт көшбасшысына шын жүректен алғыс айтамын және шынайы алғысқа бөлейік деген ниетпен #алғыс айту #challenge-ін бастағым келеді (...) Сіздің де алғыс айтар кем дегенде 10 себебіңіз бар. Ендеше алғысыңызды жазып, #01_one_love деген хештегпен белгілей кетіңіз», - деп ұсыныс білдірді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Ол Қазақстанды отыз жылға жуық басқарды.

Жоғары қарай