Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -17 °С
валюта бағамы
USD 374.20
EUR 420.34
RUB 5.52
CNY 53.78

«Отырар жәдігерлері» атты кітап жарық көрді

2018 жылдың 23 қыркүйек 2018 22:53 546

 ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат  - Түркістан облысының  Отырар ауданында "Отырар жәдігерлері" кітабы жарық көрді. Аудандық əкімішіліктің демеушілігімен жарық көрген туындының авторлары мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханов пен этнограф, өлкетанушы Абдулла Жұмашев, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жарық көрген туында  туған жердің қасиетті жерлері мен жәдігерлерін насихаттау мақсатында шығып отыр. Альбом-кітап Отырар өркениеті қалыптастырған заттық-тұрмыстық жəне рухани мəдениеттен сыр шертеді. Онда Əбу Нəсір əл-Фараби жəне оның арғы-бергі ізбасарларының қолжазбалары мен тасбаспа мұралары, олардың өзі жəне отбасы тұтынған мүліктер мен басқа да археологиялық-этнографиялық қолөнер бұйымдары жайлы жазылған.

Сондай-ақ, шаруашылық құрал-саймандары, Отырардың құпия көмбелері, 1930 жылға дейін Арыстанбаб кесене-мешіті жанында рухани ағарту ошағы болған шағын мұсылман кітапханасы туралы да сөз болады. Кітаптағы иллюстрациялық материалдар негізінен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі мен «Руханият - Əбу Нəсір əл-Фараби музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорынның қорында, сондай-ақ, жеке кісілердің қолында сақталған қолөнер бұйымдарының түпнұсқасынан, фотосуреттерден түсіріліп пайдаланылған. Тың туынды ежелгі заттық жəне рухани мұраны қастерлейтін көпшілікке арналып отыр.

 

 

Жоғары қарай