Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Отырар ауданында жол сапасына мониторингтік бақылау жүргізілді

2019 жылдың 8 қараша 2019 20:53

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Отырар ауданындағы жергілікті жолдың сапасына мониторингтік бақылау жүргізілді. «Сапалы жол - Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүргізген қоғамдық бақылау жұмыстары аудан орталығы Шәуілдір және Отырар ауылдарында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Автокөлік жолдарының сапасын сараптау мақсатында жүргізілген шараға «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Ерұлан Тұңғышбаев пен аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев, жол саласына жауапты бөлім басшылары мен арнайы мониторинг тобының мүшелері, «Nur otan» партиясы филиалының өкілдері мен тілшілер, жол сапасы зертханасы мамандары мен жауапты мердігер компания басшылары қатысты.

Мониторинг барысында жылжымалы жол зертханасы арқылы жаңадан салынған 5 көшеден сынама алынды. Тексеру нәтижесінде асфальт төсенділерінің және суағарлардың сметалық құжатта көрсетілген құрылыс талаптарына сай жүргізілгені анықталды.

Айта кетейік, алдағы уақытта жобалық кеңсе тарапынан облыстағы барлық аудан-қалалардың жолдары бақылауға алынып, мониторинг жұмысы жүйелі түрде жүргізілмек.

Жоғары қарай