Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Өткен жылы Өзбекстанға 2 млн астам қазақстандық турист барған

2019 жылдың 13 сәуір 2019 15:35

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстанның туризм жылы өтті. Оның аясында Өзбекстан Республикасы туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті қазақстандық серіктестерімен бірлесіп, бірқатар шаралар өткізді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда наурызда алғашқы Өзбекстан-Қазақстан туристік форумы өтті. Оған екі елден 200-ден астам туроператор қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат УзА агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан астанасында ұйымдастырылған «Кazakhstan International Trade» халықаралық туристік жәрмеңкесіне Өзбекстан өкілдері де қатысты. Жәрмеңкеге қатысушыларға дәстүрлі туристік бағыттармен қатар, медициналық туризм туралы да мағлұматтар берілді. «Qazaqstan» телеарнасының өкілдері үшін Ташкент, Бұқара, Самарқанд қалаларына ұйымдастырылған медиатур Өзбекстанның ауқымды туристік әлеуетін көрсетуге мүмкіндік берді. Туристерге жағдай жасау мақсатында мына бағыттағы әуе қатынастарының саны да артты: Алматы - Ташкент - Алматы, Нұр-Сұлтан - Ташкент - Нұр-Сұлтан.

Туристік байланысты дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде былтыр Қазақстаннан Өзбекстанға 2 млн турист барған. Бұл көрсеткіш 2018 жылы Өзбекстанға барған туристердің жалпы санының 30%-ын құрайды.

Жоғары қарай