Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Отгонцэцэг Галбадрах Гран-при турнирінде күміс жүлдегер атанды

2019 жылдың 5 сәуір 2019 20:31 1069

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Қазақстандық Отгонцэцэг Галбадрах Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазақстандық спортшы 48 кг салмақта финалда косоволық Дистрия Красникимен татамиге шықты. Косоволыққа қарағанда, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлемдік додаларда талай рет топ жарған О.Галбадрахтың атақ-даңқы әлдеқайда жоғары еді.

Бұдан төрт жыл бұрын қарсыластар бір рет кездесіп, онда Красники жеңген екен. Қарсыластардың бір-бірін жақсы білетіні тартысты белдесу барысында көрінді. Жекпе-жек бітуге санаулы секундтар қалғанда, Галбадрах алға ұмтылып, Дистрияның әдісіне түсіп қалды. Сөйтіп Дистрия Красники таза жеңіп кетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметов бастаған дзюдошылардың Гран-при турниріне қатысатынын, Отгонцэцэг Галбадрахтың финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт, Түркия,
Жоғары қарай