Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Отбасылық форум: әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа шаралары

2019 жылдың 1 тамыз 2019 16:57 192

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП-пен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Кәсіпкерлік саласындағы гендерлік саясаттың өзекті мәселелері, аймақтық әлеуметтік бағдарламалар мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету сұрақтарын талқылады.

Іс-шара келесі бағыттарды қамтыды: «Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасын дамыту», «Отбасы - қоғамның негізі» және «Отбасы қауіпсіздігі».

Барлық қатысушыларды қарсы ала отырып, қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған жобалар туралы айтып берді. Оның айтуынша, қалалық әкімдік «Жанұя» отбасылық институтын қолдау орталығын құру туралы шешім қабылдады.



«Бұл құрылымның қызметі өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесуге бағытталған. Білікті мамандар 7 бағыт бойынша кеңес береді: Open Space, денсаулық сақтау, білім беру, қол жетімді баспанамен қамту, IKomek базасында Call-орталық, азаматтарды әлеуметтендіру бағдарламасы» - деді Мәкен.

Халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінің қажеттіліктеріне тоқталған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова мемлекет барлық мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге тырысып жатқандығын айтты. Оның айтуынша, бүгінде тұрғын үй, білім беру және медициналық қызметтер саласында көптеген жұмыстар атқарылуда: тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылуда, оқыту гранттары көбірек бөлінуде.



Айта кету керек, шара аясында ұйымдастырушылар отбасылардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге көмектесуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Форумға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мақсат Сқақов, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғамдық пен үкіметтік емес ұйымдар. және Нұр-Сұлтан қаласының отбасылары да қатысты.





Жоғары қарай