Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Отанға деген сүйіспеншілік жастардың басты бағдарына айналуы тиіс - ҚР Президенті

2019 жылдың 19 маусым 2019 12:42 700

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Жасампаздық, бейбітшілік пен келісім, халқымыздың бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік және бәрімізге ортақ тағдыр жолы - біздің халқымызды біріктіретін құндылықтар.

Бұл құндылықтар - жастардың басты бағдарына айналуы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Қарағанды облысында өтіп жатқан «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың  twitter-дегі мәліметтеріне сүйене отырып.   

«Отанымыз - Мәңгілік елдің беделін арттыра беру - Сендерге артылған зор үміт. Сондықтан, Жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді деп мен кәміл сенемін. Әскери-патриоттық қозғалыстың басты мақсаты - Өздеріңіз сияқты жалынды жастардың басын қосып, ел дамуына қажетті маңызды жұмыстарға белсене араластыру, күш жұмылдыру. Отан үшін аянбай еңбек ету және ол баршамызға ортақ мақсат», - деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

 

Жоғары қарай