Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Отандастар қоры: Шетелден келген 238 қандас Қазақстанда білім алатын болды

2019 жылдың 30 қазан 2019 18:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы шетелден келіп, білім алуға ниет білдірген әрі 1 000 орындық грантқа сыймай қалған 238 өтініш берушінің мәселесін шешілуіне ықпал етті. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отандастар қоры» КЕАҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, биыл шетелден келген қандас студенттерді дайындық курсына қабылдау емтиханы 13 қыркүйекте өтті. Ал 25 қыркүйекте талапкерлер жинаған балына қарай бөлінген 1 000 орынға қабылданған еді.

«Отандастар Қоры» КЕАҚ 1000 орынға сыймай қалған 238 өтініш берушінің жайы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігіне хат жолдады. Ал Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Үкімет отырысында осы мәселені көтерді. Бүгінгі күні мәселе оң шешімін тауып, 238 үміткер елде қалып, білімін тегін жалғастыруға мүмкіндік алды», - делінген баспасөз баянында.

Тоқтала кететін жайт, шет елдерде тұратын қандастарымыздың Қазақстанда білім алуы жылдан жылға жүйеленіп келеді. Этникалық қазақ жастарының ЖОО-ға түсуі кезінде қазақ тілі мен Қазақстан тарихы сынағынан қиналмауы үшін аталған оқу орындарында оларға арналып дайындық бөлімдері ашылған. Отандастар қоры білім іздеп келген шет елдік қазақ жастарының жатақханамен қамтамасыз етілуіне сеп болған еді.

Жоғары қарай