Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

«Отандастар қоры» арыстықтарға көмек көрсетті

2019 жылдың 28 маусым 2019 21:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ ұжымы Арыс қаласындағы жарылыстар кезінде зардап шеккен отандастарымызға бір күндік жалақысын аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Отандастар қоры» КЕАҚ және «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ ұжымы Арыс қаласындағы жарылыстар кезінде зардап шеккен отандастарымызға бір күндік жалақысын аударды.

«Шетелдегі қандастарымыз да Арыстағы ауыр жағдайға байланысты өз алаңдаушылықтарын білдіріп, жедел хаттар жіберіп, қайырымдылық көмектерін көрсетіп жатыр. Еліміздің әр облыстарындағы шетелден келген қандастарымыз да аянып қалған жоқ. Солардың бірі, Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатқан Қытайдан оралған қандастарымыз, продюссер Ербосын Нұрмұхан, кәсіпкерлер Қизат Кәрімұлы, Біләл Ысқақ қатарлы атқа мінер азаматтар бас қосып, Атажұртқа оралған ағайындарды жұмылдырып, алғашқы көмектерін «Қахан Астана» компаниясы атынан Арысқа жөнелтті. Аталған азаматтар бұған дейін де көптеген қоғамдық іс-шаралардың басы қасында жүріп, қолдау көрсетіп келеді», -делінген хабарламада.

Жоғары қарай