Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Өскеменде заңсыз салынған дүңгіршіктерді бұзып жатыр

2019 жылдың 9 сәуір 2019 22:05 624

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде заңсыз салынған дүңгіршіктерді бұзу жалғасып жатыр. Кеше Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында заңсыз орнатылған үш дүңгіршік бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүңгіршіктердің иелерінде жер учаскелерін пайдалануға құқық беретін тиісті құжаттар болмай шықты», - дейді қалалық ТКШ бөлімінің өкілдері.

Олардың айтуынша, тиісті құжаттары жоқ сауда орындарын бұзу және алып кету бұдан кейін де үзбей жалғаса береді.

Айта кетейік, облыс орталығындағы заңсыз дүңгіршіктерді жою былтыр басталған. Содан бері заңсыз тұрған 161 киоскі бұзылды.

Автор: Людмила Малько

 

 

Жоғары қарай