Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Өскеменде Ұлттық Ұлан сарбаздары садақа ұрлаған ұрыны ұстады

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 18:16

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен тұрғыны сауда орталықтарының бірінде садақаға арналған жәшіктен ақша ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық ұланына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінде 23 қаңтар күні сағат 19:30 шамасында облыстық полиция орталығы басқармасы жедел басқару орталығының 102 каналына белгісіз еуропалық кескінді ер адамның сауда үйіне кіріп, садақа жәшігін ашқаны туралы хабар келіп түскен.

«Сауда орталығының залында адам азайған сәтті күтіп, садақа жәшігін ашып, оның ішінен жиырма мың теңге ұрлап алған», - дейді баспасөз қызметінен.

Кіші сержант Азат Ульянов пен қатардағы Ердос Киікбай ұрыны ұстаған. Ол – 20 жастағы жігіт болып шықты. Ұсталған азамат Ертіс полиция бөліміне жеткізілді.

Автор:

Орал Ерланулы


Жоғары қарай