Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Өскеменде тың жанрдағы кітаптың тұсауы кесілді

2018 жылдың 12 қазан 2018 18:18 291

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде ақын, журналист Мұратхан Кенжеханұлының «Қоңыр қалжың» атты эпиграммалар жинағының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шона Смаханұлы, Қалтай Мұхамеджанов, Оспанхан Әубәкіров, Жарасқан Әбдірәштерден қалған эпиграмма жанры Өскеменде қайта бүр жарды.  «Қоңыр қалжың» деген ерекше атпен жарық көрген кітаптың авторы -  Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің тілшісі, ақын Мұратхан Кенжеханұлы. Туындының тұсаукесеріне өңірдің зиялы қауымы, студенттер мен оқушылар қатысты.


null 

null 

Үш бөлімнен тұратын кітаптың алғашқы тарауында қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілдеріне арналған інілік әзілдер берілсе, екінші бөлімінде үзеңгілес әріптестеріне арналған әзіл-сықақтары енген. Үшінші бөлімде қоғамдағы келеңсіз құбылыстар әкім мен көлік жүргізушісі сынды түрлі сала өкілдерінің монологы арқылы жырланған.

«Эпиграмманың бәріне елімізге танымал суретшілер шарж сызды. Еркін Нұразхан, Расул Қасымов, Мерей Қайнарұлы сынды қылқалам шеберлеріне алғысым шексіз. Бұл туынды Кітап палатасына тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш эпиграмма жинағы ретінде тіркелді»  - дейді кітап авторы.

Тұсаукесердің соңы поэзиялық кешке ұласып, жырдан шашу шашылды.



null 

 

Жоғары қарай