Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Өскеменде өзге ұлт өкілдері «Бір шаңырақ астына» жиналды

2020 жылдың 28 ақпан 2020 15:16

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемендегі А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Алғыс айту күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында Шығыс Қазақстанда тұратын халықтардың барлық тілдерінде өлең оқылып, ән шырқалды. Сондай-ақ жиылған қауым «Біріңді бірің ғиззәт, құрмет етіс...» атты кітап көрмесін тамашалады. Аталмыш көрмеге жергілікті жазушылардың, ақындардың кітаптары және этникалық топтар өкілдерінің достық, Отанға деген сүйіспеншілік, елдің мәдениеті мен тарихын баяндайтын басылымдары ұсынылған.

«Қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы күнде бір елде бейбіт өмір сүріп жатқанымыз үшін баршаңызға алғыс айтқым келеді. Кітапхана ұжымына осындай шара ұйымдастырғаны үшін ризамыз. Мәдениет ошағына елімізде тұратын халықтардың салт-дәстүрімен танысуға және рухани дүниемізді байыту үшін жиі келіп тұрамыз», - дейді зейнеткер Наталья Яковлева















Жоғары қарай