Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Өскеменде ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болған адам ұсталды

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 19:38

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының полицейлері дүкен сатушысына ойыншық тапанша кезеген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10 қаңтар күні сағат 15.35-те «102» арнасына қоңырау шалған сатушы медициналық маска киген белгісіз біреудің өзін тапаншаға ұқсайтын затпен қорқытып, бір бөтелке арақ сұрағанын айтты. Әйел адам қорғану мақсатында оның бетіне газ баллон шашып жіберген. Мұндайды күтпеген тонаушы сол жерден қашып кеткен» – деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні қолға түсірді. Бұрын сотты болған Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындады.

«Оның дүкен сатушысына кезеген тапаншасы ойыншық болып шықты. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 191-бабы (тонау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде» – делінген мәліметте.


Талғатжан Мұхаметбекұлы


Жоғары қарай