Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Өскеменде он қабатты тұрғын үй өртенді

2019 жылдың 19 маусым 2019 02:01 1033

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде он қабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметке сілтеме жасап.  

Оның айтуынша, 18 маусымда сағат 21:45-те Өскемен қаласындағы «101» қызметіне Өтепов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түскен.

Оқиға орнына 21:51-де алғашқы алғашқы өрт сөндірушілер келіп жетті. Тұрғын үйдегі жеделсаты шахтасында үшінші қабаттан сегізінші қабатқа шейінгі аралықта электр кабелі өртеніп жатқан. Құтқарушылар алдымен 26 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оның ішінде 8 бала бар.

Тағы 6 адам құтқарылды, оның біреуі бала. Екі адам тоғызыншы қабаттан автосаты көмегімен түсірілген.

Жалын сағат 22:19-да оқшауланып, 22:26-да толығымен сөндірілді. Барлығы 16 метр кабельді жалын шарпыған.

Өрт сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның 19 қызметкері мен 6 арнайы техникасы жұмылдырылды. 

 

 

Жоғары қарай