Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Өскеменде балаларға арналған аурухананың құрылысы аяқталды

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 22:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде балаларға арналған аурухананың құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр орынбасары Бердібек Сапарбаев аталмыш құрылыс нысанымен танысты.

2014 жылдан бері салынып жатқан нысанның жалпы құны 13,5 миллиард теңгеге жуық. Төрт блоктан тұратын аурухананың бас корпусы 200 науқасты қабылдай алады. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарының 95% орындалды. Яғни нысан толық салынып бітті деуге болады. Алайда, ауруханада қажетті құрал-жабдықтың 45% ғана бар.

Мамандардың айтуынша, кабинеттер толық жабдықталуы үшін 5 миллиардқа жуық қаражат қажет. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда, құрылыс нысаны 16 желтоқсанға дейін халық игілігіне беріледі.

Үкімет басшысының орынбасары құрылыс нысанына оң бағасын берді.

Есентай Айтұлы


Жоғары қарай