Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

Өскеменде ағаштан салынған музей өртенді

2018 жылдың 12 қазан 2018 17:29 230

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде ағаштан салынған музей ғимараты өртенді. Жалын 525 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, өрт туралы түс кезінде «101» нөміріне оқиға куәгерлері хабарлаған. Тілсіз жаумен күреске 50 өрт сөндіруші мен 20 техника жұмылдырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың шатырынан басталған.

Музей қызметкерлері барлық ағаш экспонаттарды ғимараттан шығарып үлгерген.

«Өрт сағат 15.30-да толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 525 шаршы метрді құрады. Оқиға себептері анықталуда», - деп атап өтті облыстық ТЖД-дан. 



null 

null 

null 

null 

 

Жоғары қарай