Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Өскемен тұрғыны мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқарды

2020 жылдың 1 сәуір 2020 15:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Дархан Бейілханов мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға кеше таңертең Кенсіз материалдар комбинатындағы қазаншұңқырда болған. Мұз астына құлаған балықшы мылқау болғандықтан, ешкімді көмекке шақыра алмады. Сол маңайдағы гаражға досымен келген №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Дархан Бейілханов осыны байқап қалған. Ол ойланбастан құтқарушыларды шақырады да, өзі көмекке ұмтылады», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқару ережелерін жақсы білетін Дархан барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, балықшыны мұз астынан алып шыққан соң оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел-құтқару жасағаның қызметкерлері ер адамды дәрігерлерге жеткізді.


Жоғары қарай