Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

2019 жылдың 9 қазан 2019 10:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату шешімі мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өз еркімен өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініші Парламент Мәжілісіне келіп түсті. Зәуреш Хамитқызы ҚР Парламент Мәжілісінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысымен ОСК мүшесі лауазымына тағайындалған болатын», - деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өкілеттігі тоқтатылып жатқан Зәуреш Баймолдинаның көп жылғы еңбегі үшін алғысын білдірді.

«Зәуреш Хамитқызы мықты маман, білікті заңгер. Көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды үлкен абыроймен атқарды. Алдағы уақытта да сізге зор табыстар тілейміз. Біздің депутаттық корпустың арнайы дайындаған «Алғыс хатымызды» тапсыруға рұқсат етіңіз», - деді Н. Нығматулин.

Жоғары қарай