Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Орталық Азиядағы оң процестер өңірдің дәстүрлі серіктестерінің де мүддесіне сай - Қ. Тоқаев

2019 жылдың 14 сәуір 2019 13:21

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Орталық Азиядағы қазіргі оң процестер өңірдің дәстүрлі серіктестерінің де мүддесіне сай келеді. Өзбекстанның «ӨзА» ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Тәуелсіздік алған жылдары көптеген сарапшылар мен бақылаушылар Орталық Азияның дамуы теріс сценариймен жүретінін, жаңадан құрылған мемлекеттердің ыдырап, лаңкестер қатері артатынын, қандай да бір «халифаттың» құрылатынын, ішкі жанжал өршіп, экономикалық және әлеуметтік күйреу орын алатынын болжағанын атап өтті. Егемендік жылдарында Орталық Азияның әрбір мемлекеті дұрыс шешім қабылдап, өңірдегі тұрақтылықты сақтағанын баса айтты.

«Бүгінде Орталық Азия өз қалыптасуының жаңа кезеңін бастан кешіріп жатыр. Мемлекетаралық ынтымақтастық нығайту, өзекті мәселелердің барлық спектрі бойынша өзара қолайлы шешімдерін шынайы іздеу тенденциясы байқалады. Бұл үшін ең бастысы - өңірдің барлық көшбасшыларының саяси ерік-жігері, тату көршілік және өзара мүдделік ұстанымы негігінде ынтымақтастықты дамытуға дайындық бар. 2018 жылдың наурызында Қазақстанның елордасында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірінші консультативтік кездесуі өтті. Бұл оқиға өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне айналғаны асыра айтқандық емес. Кездесу барысында бесжақты ынтымақтастықтың базалық басымдықтары айқындалып, келешекке жоспарлар түзілді. Орталық Азия елдері арасындағы саяси диалог деңгейі айтарлықтай көтерілді, өңірішілік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелердің басым бөлігі бойынша ұстанымдардың жақындығы немесе сәйкестігі нақтыланды», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының атуынша, ынтымақтастықтың жаңа динамикасы қазірдің өзінде өз жемісін беріп отыр. Орталық Азияда тауар айналымы айтарлықтай артты, авиа, автомобиль және темір жол бағдарлары ашылды. Өткізу бекеттерді жаңғыртылып, инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өңірішілік экономикалық байланыстар нығайып, су ресурстары мен экологияны тиімді пайдалану мәселелері бірге шешілуде.

«Аймақтану мен кооперация тенденциясы қазіргі әлем дамуының ажырамас бөлігі саналады. Тіпті ірі және бақуатты елдердің өзі серіктестерімен тығыз өзара іс-қимылды жолға қояды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын және орта мемлекеттерге ынтымақтастықтың тиімді тұғырнамасын құру және кооперациялық байланыстарды кеңейту - өмірлік қажеттілік. Онсыз ұзақмерзімді және тұрақты даму мүмкін емес. Бұл ретте біздің елдеріміздің табиғи жақындасуын қандай да бір «блоктық менталь» арнасында түсіндіруге болмайды. Орталық Азиядағы қазіргі оң процестер бізге ғана тиімді емес, сонымен бірге өңірдің дәстүрлі серіктестерінің мүддесіне де сай келеді. Қазақстан мүдделік танытқан мемлекеттердің кез келгенімен ынтымақтастықтың барлық формасы үшін ашық», - деді Қ.Тоқаев.

Жоғары қарай