Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Оралдағы түзету мекемесінен жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылды

2019 жылдың 30 сәуір 2019 20:03 958

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралдағы түзету мекемесінен жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың табылуына байланысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 29 наурыз күні БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ-170/3 түзету мекемесінде орын алды.

Аталған түзету мекемесінен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылған.

«Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабына (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

 

Жоғары қарай