Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 330.22
EUR 388.07
RUB 5.60
CNY 49.93

Оралда жазасын өтеушілер арасында «Үміт-2017» байқауы мәреге жетті

2017 жылдың 12 қазан 2017 22:56 769

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде РУ-170/2, РУ-170/3 мекемелерінде жазасын өтеушілер арасында суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарының «Үміт-2017» байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Департаменттің бас маманы, әділет майоры Тимур Дүйсәлиевтің айтуынша, жыл сайын өтетін дәстүрлі байқауға 7 сурет пен 6 қолданбалы өнер бұйымы ұсынылған. Олардың ішінде мүсіндер, асүй аспаптары бар. Суреттер негізінен пейзаж жанрында салынған.



null 

Қазылар алқасының ұйғарымымен РУ-170/2 мекемесінде жазасын өтеуші Р.Шукаловтың «Табиғат туралы» суреті мен РУ-170/3 мекемесінен А.Незнановтың «Құлагер» бұйымы үздік деп танылды. Р.Байжазықов «Кішкентай аспаз» суретімен, Е.Елемесов (РУ-170/3) «Тәж-Маһал кесенесі» бұйымымен екінші, И.Мұхамедғалиев «Сарқырама» суретімен, Т.Дәулетов (РУ-170/3) «Қазақ батыры» бұйымымен үшінші орынға ие болды.



null 

Сайыс жеңімпаз-жүлдегерлері дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.    Ал жұмыстар балалар мен бөбектер үйлеріне тегін берілмек.



null 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай