Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Оралда үш көлік соқтығысып, әйел көз жұмды

2019 жылдың 23 тамыз 2019 19:10

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда үш автокөлік соқтығысып, әйел мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін түстен кейін Пугачев пен Чагано-Набережная көшелерінің қиылысында болды.

Осы жерде «Лада Приора», «КамАЗ» және «Фольксваген Гольф» автокөліктері соқтығысқан.




БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Лада Приора» мен «КамАЗ» көліктерінің соқтығысқаны жөнінде сағат 15.40-та мәлімет түскен.

Оқиға орнында құтқарушылар (4 адам, 1 техника) жұмыс жасап, арнайы құрылғының көмегімен автокөліктің есігін ашып, зардап шегушіні шығарып алған.




Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 15.42-де шақырылды. Бригада үш минуттан кейін жетті. Жол апаты салдарынан алты адам зардап шегіп, шамамен 50 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Екі ер адам, 1981 жылғы әйел, 2005 және 2017 жылғы балалар облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.




Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпараттың кейін берілетінін мәлім етті.



Жоғары қарай