Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Оралда тұрғын үй өртеніп, 50-ге жуық адам эвакуацияланды

2019 жылдың 6 сәуір 2019 13:41 1189

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда тұрғын үйдегі өрттен 48 адам эвакуацияланды, соның жетеуі - балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 23.50-де Гагарин көшесі 2/8 мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйде орын алды.

Осы үйдің 6-қабатындағы 25-пәтерде жеке заттар мен терезе жақтауы жанған.

Өрт сөндірушілер 34 адамды (жетеуі - балалар) сыртқа шығарған. 14 адамды құтқарушылар эвакуациялаған.

«Өрт бүгін түнгі сағат 00.20-да сөндірілді», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да мал іздеуге шыққан тұрғындардың адасып кеткенін жазған болатынбыз

 

 

 

Жоғары қарай