Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Оралда төбелескен полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды

2019 жылдың 15 маусым 2019 13:50 1521

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда төбелескен полиция қызметкерлері жұмыстан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұдан бұрын хабарлағандай, Оралда полиция қызметкері автокөлікте отырған әріптесіне пышақпен шабуыл жасаған болатын.

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаны тексеру барысында төбелескендердің екеуі полиция қызметкерлері екені анықталды. Жанжал олардың бір-біріне өшігуі салдарынан туындаған.

«Аталған оқиға бойынша өзіндік қауіпсіздіқ басқармасы қызметтік тексеру жүргізді. Оның нәтижесі департаменттің тәртіптік комиссиясында қаралды. Тәртіп сақшысының атына кір келтіргені үшін аталған қызметкерлердің екеуін де жұмысынан босату  туралы шешім қабылданды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай