Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

Оралда терминал арқылы ақша жымқырған күдіктілер іздестірілуде

2019 жылдың 23 сәуір 2019 21:12 962

ОРАЛ. ҚазАқпарат  -  Оралда терминал арқылы ақша жымқырған екі күдікті іздестіріліп жатыр, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша бұл екі ер адам Ресейден келген.

Олардың іс-қимылы мынадай болып келеді. Бетперде киген күйінде «24 сағат» банкоматына келіп, өздерінің 10 мыңдық ақшасын купюра қабылдағышқа жұқа лентамен салады. Терминал есептеген кезде экранға өздерінің телефон нөмірлерін теріп, ақшаны соған жібереді. Содан кейін купюраны суырып алады да, тайып тұрады.

«Бұл - алаяқтықтың жаңа түрі. Терминалдарының тоналғаны жөнінде кәсіпкерлерден бір аптада тоғыз, соңғы тәулікте үш шағым түсті. Олардың қанша ақшасынан айырылғаны нақтылануда. Сондықтан тұрғындар «24 сағат» банкоматы жанынан күдіктілерді  байқаса, «102» телефонына хабарласуын сұраймыз», деді Нұрлан Бисенов.

null 

Жоғары қарай