Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Оралда президенттік көпсайыстан республикалық спартакиада мәреге жетті

2019 жылдың 16 маусым 2019 05:35 1077

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - П.Атоян атындағы стадионда күштік құрылымдар қызметкерлері арасында президенттік көпсайыстан VІІІ ведомствоаралық республикалық спартакиада мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтулы додаға ҚР Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері, ҚР ІІМ ТЖ комитеті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, сондай-ақ облыстық полиция департаменттерінің 16 командасы қатысты.

Турнирдің жабылу рәсімінде БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бағдар Әбуовтің атап өткеніндей, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің спорттық дайындығын арттыру мен кәсіби деңгейін көтеру бағытында президенттік көпсайыстың маңызы зор.

«Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі спорт басқармасының бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Николай Князев бұл жарысқа қатысушылардың көп болғандығын, солардың ішінде ең үздіктері дараланып шыққандығын жеткізді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, президенттік көпсайысқа қатысушылар үш күн бойы әскери қарудан нысана көздеу, еркін әдіспен жүзу, тұрған орнынан ұзындыққа секіру, граната лақтыру, қысқа және ұзақ қашықтықтарға жүгіруден сынға түсті.

«Динамо» спорт қоғамының спартакиадасы қорытындысында ҚР ІІМ жеңімпаз атанды. ҚР Ұлттық ұланы мен ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасы екінші-үшінші орындарды бөлісті.

Жекелей сында мыналар жүлделі орындарға ие болды:

30 жасқа дейінгілер:

1.Дмитрий Шварц (ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасы)

2.Ерасыл Тұрсынбеков (ҚР ІІМ)

3.Ерасыл Селбаев (ҚР Ұлттық ұланы)

35 жасқа дейінгілер:

1.Руслан Есқалиев (ҚР Ұлттық ұланы)

2.Самат Жантасов (ҚР ІІМ)

3.Бақтыбек Абдуллаев  (ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасы)

40 жасқа дейінгілер:

1.Сергей Шумков (ҚР ІІМ)

2.Ақылбек Әбдірахман (ҚР Ұлттық ұланы)

3.Алексей Левин  (ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасы)

45 жасқа дейінгілер:

1.Темірхан Кемалов (ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасы)

2.Нұржан Қобланов (ҚР Ұлттық ұланы)

3.Айдос Сәдуақасов (ҚР ІІМ).

Полиция департаменттері арасында БҚО полиция департаменті жеңімпаз атанса, қарағандылықтар екінші, солтүстікқазақстандықтар үшінші орынға көтерілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, кубоктармен марапатталды.

 

 

Жоғары қарай