Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Оралда полиция қызметкері көлігімен «Lexus»-қа соқтығысып, екі адам жарақат алды

2019 жылдың 24 сәуір 2019 15:26 730

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда полиция қызметкері автокөлігімен түйісіп, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнде орын алды.

Орал қаласы полиция басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкері "Skoda Octavia" автокөлігімен Құрманғазы көшесімен келе жатып, «Lexus» автокөлігімен соқтығысуға жол берген.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Құрманғазы мен Ж.Досмұхамедов көшелері қиылысында болған жол апатына байланысты сағат 00.46-да жедел жәрдем шақырылды.

«Оқиға салдарынан 1993 және 1997 жылғы екі ер адам зардап шекті. Олар облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

 

 

Жоғары қарай