Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Оралда оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды

2020 жылдың 14 ақпан 2020 13:19

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда оқушыға шабуыл жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 13 ақпан күні «Жеңіс» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде болды.

«Белгісіз ер адам сағат 14.15 шамасында 16 жастағы оқушы қыздың соңынан еріп келіп, кіреберісте бұзақылық әрекеттер жасаған», - делінген ПД ақпаратында.

Үйдің кіреберісінде қыз баланың жылап отырғанын түскі астан келе жатқан полиция қызметкері байқап, мән-жайды білген.




БҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальоны бастығының міндетін атқарушы, аға лейтенант Артур Құдысов одан күдіктінің түр-сипатын сұрастырып, оны бірден іздеуге кіріскен. Солайша, күдіктіні Д.Қонаев атындағы шағынаудандағы «Жеңіс» дүкені жанынан қолға түсірді.

«Күдікті «ізі суымай» ұсталып, оқиға орнына жеткен шұғыл-тергеу тобына тапсырылды. Ол Орал қаласының 1967 жылғы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді ведомстводан.


Жоғары қарай