Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Оралда оқушы қыз жетінші қабаттан секіріп кетті

2019 жылдың 19 наурыз 2019 14:24 1413

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда қыз бала жетінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 11.30-дар шамасында орын алды.

Бастапқы мәлімет бойынша қала мектептерінің бірінде 7-сыныпта оқитын, 2006 жылғы жасөспірім осылайша өз өміріне нүкте қойғысы келген.

«Абырой болғанда, қыз бала аман қалды. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде Орал қалалық полиция басқармасы осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. 

 

 

Жоғары қарай